Urban Forum Kazakhstan-ның жаңа жобасы AdilQala бағдарламасын қайта жандандырып, қаладағы қақтығыстар және оларды шешу жолдарын қарастырады. 10 жыл бұрын қорымыздың тарихы дәл осы мәселеден бастау алған еді. Сол кездегі құрылыс салушылар, билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы аз диалог резонансты қақтығыстарды туындатып, бізді тәуелсіз қала платформасын құруға жетеледі.
Өткен 10 жыл ішінде біз және біздің серіктестеріміз шешім қабылдаудың жаңа инфрақұрылымын қалыптастырып, жоба алдындағы урбанистикалық зерттеулердің маңызын арттыру үшін күш салдық. Сараптамалық пікірдің, қоғам мүддесі мен диалогтың қала үдерістеріндегі рөлін күшейту жолында ауқымды жұмыс атқардық. Әлемнің көптеген қалалары сияқты біз де ұзақ сапарды енді бастап жатқанымызды ескеру қажет.
AdilQala жобасының әр кезеңі келесі бағыттарды қамтиды:
- қолданыстағы құқықтық шеңберді, қақтығыстардың себептері мен ерекшеліктерін зерттеу
- бастамашыл топтарға құқықтық мәселелер және сәулет мәселелері бойынша кеңес беріп, конструктивті диалог құруға көмектесу
- қаланың тұрақты дамуы бойынша білім беру іс-шараларын ұйымдастыру
- нұсқаулық әзірлеу және адвокациялық кампаниялар өткізу
Біздің мақсатымыз – тұрғындарға қаланың дамуына қатысты шешімдердің қалай қабылданатынын түсіндіру және олардың осы үдерістерге саналы әрі жауапты түрде қатысуына жол ашу.
Жобаға байланысты жаңалықтарды #adilqala2025 #adilqala2026 хэштегтері арқылы таба аласыз.