Тұжырымдар
1. Астананың барлық аудандары үшін жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жетілдіру мәселесі, соның ішінде көшелерді жарықтандыру мәселесі өзекті болды (әсіресе қаланың батыс аудандарында).
2. Астанадағы қоғамдық көлік жетілдіруді қажет етеді. Бағыттардың оңтайландырылуы және автобустар паркінің ұлғайтылуы сапардың жайлылығын арттырып, күту уақытын қысқартады.
3. Солтүстік жағалаудың орталығы – қаланың ең жаңа, беделді және мәселелі ауданы. Мұнда адамдар жиі жағдайларда әлеуметтік инфрақұрылым мен қалалық ортаның жайлылық деңгейіне қанағаттанбайды.
4. Астананың қала кеңістігінде мәдениет мекемелерінің, саябақтардың және гүлзарлардың таралуы біркелкі емес.
5. Қаланы жайлы деп есептейтіндердің үлесі көп болғанына қарамастан, жауап бергендердің жартысынан артығы бос уақыт өткізу үшін немесе әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізу үшін басқа аудандарға үнемі шығып тұруға мәжбүр.
6. Қаланың дамуы мен осындай үдерістерге тарту туралы ақпарат алуға мүдделілік танытқандардың үлесі көп болғанына қарамастан, сұхбаткерлердің жартысынан артық бөлігі өз ПИК-індегі жұмысқа қатыспайды.
7. Сұхбаткерлердің 75%-ында қаланың дамуымен байланысты мәселелерді жария түрде талқылауға қатысу тәжірибесі жоқ.
8. Жергілікті атқарушы билік қаланың мәселелерін шешуге қалалықтарды тарту әлеуетіне көбірек назар аударуы тиіс.