Енді қаржы мәселесіне келсек, Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылын кеңейтуге 91,7 млрд. теңге бөлінбекші. Бұл орасан зор қаржы, оны түсіну үшін басқа қалалардың бюджетімен салыстырайық. Мысалы, Қарағанды қаласының 2020 жылғы барлық бюджеті 110 миллиард теңгені құрайды. Сонда астанадағы бір ғана даңғылды қайта құру үшін Қазақстанның ең ірі қалаларының бірінің барлық ақшасына жуық көп қаржы талап етіледі екен.
Мұнан тыс, бұл ақшаны Қытайдың Экпорттық-импорттық банкінен қарызға алу жоспарланып отыр. Яғни ұрпақтарымызға біздің қала салудағы қателіктерімізді түзеп, оған адами көрініс беруге ғана емес, сонымен бірге Қытай банкіне біздің қарызымызды төлеуге де тура келеді екен.
Қорыта келе, біз қалаға Қабанбай батыр даңғылын кеңейтудің ағымдағы жоспарларынан бас тартуды ұсынамыз. Астананың жергілікті тұрғындары да даңғылдың кеңеюіне қарсы шығуда, қала белсенділері тіпті осындай ақылға қонымсыз қайта құрудан бас тартуды талап еткен петиция жасады. Оған осы күнге дейін 750 адам қол қойды, сіз де оған
қол қоя аласыз.