Urban Forum Kazakhstan "Алматыда тозығы жеткен тұрғын үйдің реновациясы қалай ұйымдастырылған" атты сараптамалық бриф шығарды
Urban Forum Kazakhstan Алматыда тозығы жеткен үйлерді реновациялау бағдарламасын іске асыру туралы жаңа талдамалық есеп шығарды.
Материал келесі ақпараттарды қамтиды:
• Алматы қаласының тозығы жеткен тұрғын үйдің реновациялау бағдарламасының заңды негіздері;
• Тозығы жеткен тұрғын үйдің реновация жобаларын түрлі аудандарда іске асыру алгоритмі;
• Пәтерлер мен үй-жайлардың меншік иелерімен және жалға алушыларымен алмасу рәсімдері;
• Бағдарламаны іске асыру процедурасына эксперттік бағалау;
• Бағдарламаны жетілдіру бойынша ұсыныстар.