Зерттеу
Жеке бизнестің Алматы қаласындағы орталық емес аудандарды дамытуға әсері
2017
Зерттеушілер Алматы қаласының орталық емес аудандарындағы әлеуметтік капиталды дамытуға және қаланың физикалық кеңістігін дамытуға жеке бизнестің әсерін зерттеді.

Есепте қалалардың орталық емес аудандарын жаңғыртуға бизнестің қатысуы бойынша әлемнің үздік тәжірибелері мен қолданыстағы әдебиеттің талдауы; Алматыдағы орталық емес аудандардың экономикалық әлеуетінің талдауы; бизнес өкілдерімен және сарапшылармен терең сұхбат қамтылған.

Алматы ЖАӨ-нің 22%-ын; қызметтердің жалпы көлемінің 25%-ын, Қазақстан бюджетіне салық түсімдерінің 20%-дан артық бөлігін; қаржы және сақтандыру қызметтерінің 54%-ын, бөлшек және көтерме тауар айналымының 47%-ын және сыртқы сауда айналымының 1/6 бөлігін қамтамасыз етеді.

Сауда қала экономикасының құрылымында ең үлкен үлесті және ЖАӨ-нің шамамен жартысын иемденеді. Бизнестің қызметі, негізінен, қала ішіндегі тұтынушыларға бағдарланған, өнім сыртқы нарықтарға жылжытылмайды.

Өнеркәсіптік өндірістің үлесін ұлғайтуға кедергі келтіретін негізгі тосқауыл – нақты сектордағы еңбектің төмен өнімділігі болып табылады. Орталық емес аумақты биліктегілер жаңа индустриялық нысандарды дамытуға арналған база ретінде қарастырады. Алатау және Наурызбай аудандарында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, тұрғын үй, жолдар және коммуникациялар салынуда. Бұл – аудандардың тартымдылығын арттырады, бірақ жеке бизнесті дамыту үшін қосымша стимулдар қажет.

Қала халқы санының өсуі табиғи өсім мен миграцияның әсерінен орын алуда. Алатау және Әуезов аудандары халықтың табиғи өсімінің 40%-ын береді. Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарының үлесіне миграцияның 90%-ы тиеді.

Алматы бойынша жұмыссыздық шамамен 5,3% құрайды және аудандар бойынша жұмыспен қамту құрылымы салыстырмалы түрде біркелкі болып табылады. Алайда тізімдік санының құрылымын қараған кезде, жұмыспен қамтуға негізгі үлестің қосылуын үш негізгі ауданның – Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының қамтамасыз етіп отырғанын байқауға болады. Дәл осы аудандар орташа жалақының жоғарырақ деңгейін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ аудандардың физикалық кеңістігінің сапасы бойынша – мысалы, көліктің қолжетімділігі мен ыңғайлылығы, базалық коммуналдық қызметпен қамтылуы, жасыл желектердің болуы және т.б. бойынша аудандардың арасындағы алшақтық айқын білінеді.
Шешім қабылдау орталығына арналған тұжырымдар мен ұсынымдар
Орталық емес аудандардың мәселелерін шешуде қала кеңістігінің ықалдастырылуы аса маңызды. Экономисттер қаланы еңбек нарығының кеңістігі ретінде қарастыра отырып, жұмыс орындары ұсынылатын кез-келген аумақтар шамамен бір сағаттық жол жүрумен кез-келген үй шаруашылықтарының тұрғылықты жерінен физикалық тұрғыда қолжетімді болуы тиіс деп атап өтуде.

Алматыны жаһандық қала ретінде дамытудың келешегі белсенді ойыншы функцияларын өз мойнына алуды тұспалдайды. Бизнесті – едәуір оңай өрістетуге және масштабтауға болатын заманауи технологиялық салаларда дамытқан маңызды.

Орталық емес аудандардағы базалық физикалық немесе әлеуметтік инфрақұрылымды құру бойынша ауқымды жұмыстармен қатар, онда жайлы орта құру – маңызды бағыт болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, шеткі аймақтардың дамуына "live, work and play" пішіміндегі кешенді даму жобалары, ірі зәкірлі инвесторлардың тартылуымен кәсіпкерлік экожүйесін құратын әлеуметтік инфрақұрылымның кең ауқымды кешені бар бизнес-саябақтар әсер етеді.
Бизнеске арналған тұжырымдар мен ұсынымдар
Орталық емес аудандар пилоттық жобаларға арналған база және тартымды сөре алаңы бола алады. Орталық аудандардың әлсіз қамтамасыз етілуі себепті, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сату бойынша бос тауашаларды толтыру әлеуетті болып табылады. Интернет-саудамен байланысты және фронт-офистің болуын талап етпейтін бизнес те орталық емес аудандарда орналасудың артықшылықтарына қол жеткізе алады.

Жергілікті кеңістіктердің түрлену әлеуеті бизнестің көлемі мен саласына, осындай жұмысқа кірісе отырып бизнестің шешуге ниеттенген міндеттеріне қарай өзгешеленуі мүмкін: көшенің бизнес нысанына жақын жердегі телімін абаттандыру жолымен жаяу жүргіншілер трафигін ұлғайту немесе жергілікті клиенттердің бейілділігін арттыру және т.б. секілді.

Жергілікті қоғамдастықпен кеңесулердің және тұрғындарды тұратын ауданының келешегін жоспарлауға тартудың маңыздылығын ұмытпау қажет.

Жоспарлаушылар мынаны назарға алуы тиіс: ортаның оң түрленуінің әсері біртекті және ілеспе бизнес түрлерін кластерлеу барысында анығырақ байқалады. Бұл – қолданыстағы коммерциялық алаңдарды қайта ұғыну мен қайта құруды қажет етеді.